Супермаркет кассирі туыстарына тауарларды тегін өткізіп келген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында полицейлер әйелдің жарты жылдай уақыт елордалық ірі супермаркеттердің бірінде касса қызметкері болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып, өзінің жақын туыстарына кассадан тауарлардың көбісін тегін өткізген. Үш ай бойы дүкеннен жалпы сомасы 4 миллион 370 мың теңге көлемінде тұратын тауарды иемденіп үлгерген.
Қаз
Рус






