Дәрігерлер әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шыққан
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 25 жастағы науқастың асқазанынан шаштан құралған тығыз түйінді (трихобезоар) алып шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің мәліметінше, әйел жедел жәрдем бөліміне қатты іш ауыруы, жүрек айну, қайта-қайта құсу, әлсіздік және ауыздың құрғауы туралы шағымдармен жеткізілген. Қосымша тексеру барысында дәрігерлер асқазанда 5 жыл бойы жиналған шаш түйіні бар екенін анықтаған.
Қаз
Рус






