Дәрігерлер әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шыққан

1 515

Фото: canva.comАлматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 25 жастағы науқастың асқазанынан шаштан құралған тығыз түйінді (трихобезоар) алып шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел жедел жәрдем бөліміне қатты іш ауыруы, жүрек айну, қайта-қайта құсу, әлсіздік және ауыздың құрғауы туралы шағымдармен жеткізілген. Қосымша тексеру барысында дәрігерлер асқазанда 5 жыл бойы жиналған шаш түйіні бар екенін анықтаған. 

"Науқасқа шұғыл ота жасау қажет болды. Хирургтар лапаротомия жасап, асқазаннан көлемді түйінді алып тастады. Алынған түзіліс бір-бірімен шырмалған шаштан құралған тығыз түйін болып шықты. Науқастың айтуынша, ол бала кезінен шашының ұштарын аузына салуды әдетке айналдырған, бұл әдет әйелдің өзіне зиянсыз көрінген. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды", – делінген аурухана хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.