Су тасқынына қарсы көмекке барған құтқарушы қайтыс болды

1 588

© Sputnik / Владислав ВодневСолтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге барған Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД мәліметіне сүйенсек,  2 сәуірге қараған түні Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде құтқарушы қайтыс болған. Ол - Түркістан облысы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов.


"Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесу үшін келді. Сол күні кешке жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға түсті", - деп жазылған хабарламада.


Сонымен қатар, өлімнің себебі миокард инфаркті екені айтылды.

Жауапты органдар марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.