Қызылорда облысының басты жаңалықтары
856
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Қызылорда облысындағы ауқымды жобалардың бірі – шыны зауыты іске қосылды. Өңірге арнайы келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова зауыттың пешін іске қосу рәсіміне қатысып, ел игілігіне бағытталған кәсіпорынның жұмысына сәттілік тілегені де ел есінде. Жалпы құны 42,1 млрд. теңгені құраған шыны зауыты жылына 197,1 мың тонна, ал тәулігіне 600 тонна өнім шығара алады делінді. Бүгінге дейін кемінде 17 000 тонна өнім шығарылуы тиіс болады. Осы орайда «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереевке хабарласты.
Бізде әлі пусконаладка жұмыстары жүріп жатыр. 5 қаңтарда әрбір техниканы өндіруші келіп, кепілдемеге қол қойылады. Содан кейін ғана зауыт нәтижесін көруге болады, - деді Ринат Сұлтангереев.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты түрде пештің отын жаққанымен келер жылдың қаңтар айынан бастап пешті қыздырудың және шыны балқытудың негізгі кезеңі жүргізілетінін тілге тиек еткен. Ал, ақпаннан-наурызға дейін пеш өзінің жұмыс режиміне шығып, пештің жұмыс температурасы 1600°С жетеді. «Орда Гласс ЛТД» мамандарының болжамы бойынша, бірінші шыныны 2022 жылдың сәуір айында енді өндіріледі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілті табысталды. Жаңа пәтер иелері кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар. Десек те, фейсбук әлеуметтік желісінде қала тұрғыны Нұрлан Көптілеутегі «үй кезегінде жылдар бойы тұрған мұқтаж жандардың үй беріліп жатса да кезегі жылжымай тұрғанына наразы» екенін айтты. Бұған жергілікті билік «кезек реттілігі бойынша беріледі. Кезегі келген азаматтарды тиісті құжаттарын рәсімдеуге шақырамыз. Бір мезетте 680 отбасыны марапаттау мүмкін емес», деген жазба қалдырды.
Өткен жылдың есте қалар жаңалығының бірі – шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев «Қаламгерлер аллеясын» ашты. Ол орын Сырдың алыптары – Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжібаев және Зейнолла Шүкіровтердің ескерткіші орналасқан аумақта орналасуы да о бастан белгілеген деседі. Расында, Сыр журналистерімен бас қосуынан кейін ойға келген орамды ойлардың бірі болса керек. Қала әкімінің тапсырысымен қаламгерлерді құрметтегендері соншалықты, тіпті жаңа аллеяны алдағы уақытта шығармашылыққа жақын жандардың бас қосар алаңына айналып, түрлі шараларды өткізетін рухани орын болады деп күтілген. Дегенмен аллеяның бүгінгі көрінісі адам шошырлық жағдай да тұр. Қала тұрғындары орнатылған арка сынып, өңі қашқандығын да әлеуметтік желіге жазба жариялаған.
«Алақандай бұйымды қараусыз қалдырған, камерасы да жоқ», «Әкімдік алдындағы аллеяны бүлдірсе, шет жақтағы ескерткіштерді көрмеген дұрыс шығар-ау», «Әкімдік қаламның қадірін білмейді, бағаласа, қорғайтын еді» деген пікірлер қалдырған. Сыр өңірі қаламгерлеріне сый құрмет сапасы сын көтермейтін бір қауырсын мен екі орындықтан ары аса алмады ма дегенге сену қиын.
Қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының жазғы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында «Эдельвейс» саяжай жанындағы ашық суды пайдаланып, онда коммуналдық жағажай салу көзделіп отырғанын айтқан болатын. Нәтижесінде, «ашық судың көрсеткіші санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуіне және жұқпалы-паразитарлық аурулардың тіркелуін болдырмау мақсатында «Эдельвейс» саяжайы маңынан жағажай ашу мүмкіндігі болмады» деді.
Қызылорда қаласындағы өзекті мәселелердің бірі – жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік мәселесі. Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаладағы жеке тасымалдаушы қоғамдық көлік мекемелерінің басшыларымен кездесіп те, қоғамдық көлікке өзі мініп те жүрді. Қоғамдық көліктің халыққа қалай қызмет жасап жатқандығының деңгейін көріп, сапасы мен тазалығын көруді мақсат етіп, халықпен жүздескен болатын. Бір күндік бақылаумен бітпейтін мұндай мәселе үнемі назарда болады дегенімен, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС басшысы әлеуметтік желіге тараған видеосын халық әлі ұмыта қоймады. Кеңсесінде шарқ ұра қызметкерлерін іздеген басшының видеосы көптің наразылығын тудырып, жұртшылық түрлі пікір қалдырған болатын. Қақаған аязды қыста аялдамада автобустарды сағаттап тосқан жүргіншілердің де қатары азаяр емес. Мәселе көтерілгенімен межесіне жетіп, шешім қабылданып жатқаны да шамалы.
Қала әкімі Ғанибек Қазантаев арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің техникалық базасын да аралады. Тексеріс барысында техниканың 90 пайызы алдағы маусымдағы ауқымды жұмыстарға дайын. Мекеме базасына 240 тонна тұз және 1000 тонна құм жинақталған. Ең басты талап – қар жауған уақыттағы тұрғындардың қауіпсіздігі, жұмыстарына кептеліссіз жетулеріне жағдай жасау үшін көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын таңғы қарбаласқа дейін тазалауды жүктеді. Орамды ойлар айтылды, естір құлақ болса, қанекей? Әлеуметтік желіге күн сайын келіп түсетін хабарламалардың шегі болар емес, солардың бірі «көлік жолын тазалап, жүргіншілер жолына қар қатпарлары жиналып, мұз болды» десе, енді бірі тіпті есік алдына көше қарларын үйіп кетті деп наразылықтарын білдіруде. Билік тапсырма беруін береді, бірақ орындалуы екі талай болғанын көруге болады.
Үстіміздегі жылы болған келеңсіз оқиғалар келер жылдың кемел келешегіне нұқсан келтірмесе деп тілейміз. Айтылған сөз – атылған оқ. Халық игілігіне қызмет ету үшін билік басында отырған шенділер «есеп» үшін емес, игі нәтиже үшін атсалысса, нұр үстіне нұр болар еді...
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ