Мемлекет Арыстағы жарылыста үйлерді қалыпқа келтірген мердігерлерге 525миллион теңге қарыз

412



29 мердігердің жүргізген құрылыс жұмыстары үшін мемлекет 525 миллион теңге қарыз - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Компания басшылары екі жылдан бері тындырылған тірліктің табанақысын іздеп барлық жерге барған. 

Мердігер компанияда учаскі басшысы болған Мұхтарбек Қошқаров Арыстағы жарылыстан зақымданған 200 үйді қалыпқа келтіруге. Жұмыстар аяқталған соң құрылыс фирмасына 500 млннан астам қаражат аударылуы керек болған. Қазір сол қаражаттың 90 миллион теңгесі мемлекеттің қарызы екен. 

“Арыстағы жарылыстан соң бізге келіп жөндей беріңдер, болашақта ақша болады деді. Осы жердегі мекемелердің бәрі соған сеніп қалып, әлі күнге дейін осында жүрміз”, – дейді ол.


Құрылысты істетіп, қаражатсыз қалдырған 9-шы секторға жауапты Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі екен.  29 компанияға бас қаланың бюджетінен 525 млн теңге төленбеді, дейді құрылысшылар. 

“9-сектор бойынша 56 млн, оның ішінде қолыма нақты тигені 48 млн теңге. Қалған 8 млн 600 мың теңгені әлі алған жоқпын”, – дейді мердігер компанияның жұмысшысы Оразбай Сапарбеков.


Ал Арыстың әкімдігі қаражат жуырда бөлініп қалады дейді. Бұған дейін құжатта бірқатар кем-кетіктер болған соң қаражат та кері қайтарылыпты. 

“Барлық құжаттар Түркістан облысы, Нұр-Cұлтан қаласымен бірге министрліктерге тапсырылды. Бүгінде қаржы министрлігінде қаралып жатыр. Сол құжаттарды қарап болғаннан кейін үкіметтің қаулысын күтіп отырмыз”, – дейді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.