Балабақша маңына тікұшақ құлады

525

Тікұшақ Бровар елді мекеніндегі үй мен балабақшаның маңына құлаған. Апаттың соңы үлкен өртке ұласқан, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Украинада тікұшақ құлап, апат салдарынан Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның бірінші орынбасары Евгений Йенин және Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юрий Лубкович қаза тапты.

Балабақша жұмыс істеп тұрған, ішінде тәрбиешілер мен балалар болғаны айтылады. Қазіргі уақытта 18 адамның қаза тапқаны белгілі. Оның ішінде 9 адам тікұшақта, қалғандары жерде болған. Өртке оранған балабақшадан бүлдіршіндер эвакуацияланды, бірақ 2 баланың қаза тапқаны белгілі болды. Салдарынан 12 бала, 26 ересек адам зардап шеккен. Украина президентінің кеңсесі зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны өсетінін ескертті. Әзірге апаттың себебі белгісіз.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.