Атырау облысы әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деп күдіктелуде

379

Атырау облысы әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінген-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

"Облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияны "Бұйырғын" ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілініп отыр”, –  деп ақпарат таратты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына биылғы қаңтарда тағайындалған еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.