Жаңа оқу кезеңіне жаңа серпінмен

206
Қарулы күштер басқару органдарының офицерлері Қызылорда гарнизонында болып, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жазғы оқу кезеңіне дайындық барысы мен моральдық - психологиялық жай-күйін тексерді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Әскери бөлімшелерде полковник Абай Абдуллаев бастаған комиссия жұмысты әрбір әскери қызметшінің моральдық-психологиялық жағдайын, мемлекеттік - құқықтық дайындығын және жеке құрамның саптық байқауын тексеруден бастады. Әскери қызметшілердің киім нысаны мен киім-кешегі, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталуы, бөлімнің қару-жарағы мен әскери техникасының жай - күйі тексерістен өтті. Әскери бөлімді аралау барысында әскери қызметшілермен сұхбаттасу болып, арнайы сауалнамалар өткізілді.


Сонымен қатар «Тереңөзек» оқу - жаттығу полигонында болып, атыс алаңының алдағы жауынгерлік жаттығуларға әзірлігін бақылады. Бөлімнің жауынгерлік, оқу - материалдық, техникалық базаларының және кұжаттарының дайындығы бойынша бірқатар тапсырмалар берді. 


– Алдағы жазғы оқу кезеңіне жоспарланған жауынгерлік даярлық сабақтарын сапалы жүзеге асыру әрбір әскери қызметшінің кәсіби біліктілігін арттыруға өз септігін тигізеді. Осындай тексерістер барысында жеке құрамның іс - қимылдарды үйлестіруі, жауынгердің өз міндетін түсінуі және қойылған тапсырмаларды кәсібилікпен орындауы кезең-кезеңімен жетілдіріле түседі, – дейді комиссия төрағасы полковник Абай Абдуллаев. 


Жаңа оқу кезеңіне сапалы дайындық мақсатында бөлімде жеке құрамды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған нұсқаулық-әдістемелік және көрнекі сабақтар өткізіліп келеді.
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.