Қостанайда студент жалған концерт билетін сатқан
Қостанайда студент жалған концерт билетін сатқан деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат аганттегі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанайлық полицейлер жалған жолмен электронды темекі және белгілі қазақстандық топтың концертіне билет сатумен айналысқан 18 жастағы студентті ұстады. Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Қостанай қаласының тұрғынын ұстады.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаз
Рус






