Жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын жарақаттаған

1 603

Фото: Видеодан скрин22 маусым күні кешкісін “Millennium Park” тұрғын үй кешеніндегі пәтерден пышақталған қыздың мәйіті анықталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

Оқиға болар алдында көршілер пәтерден айқай-шу естіген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өткен-кеткен адамдарға пышақпен шабуылдаған және марқұмның кішкентай інісін жаралаған. Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Пәтерлерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.