ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ: АУЫЗСУДАН ЛАЙ АРАЛАС, ҚҰМ ШЫҚТЫ
1 280
Қызылордалық тұрғындардың басым көпшілігі тұтынып отырған ауызсудың сапасыздығын айтып шағым білдіруде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Оның дәмі де, түсі де, иісі де жоқ деп білеміз.
Алайда, Қызылорда қаласының ауызсуына дәл ондай сипат беру мүмкін болмай отыр. Олай деуге басты себеп тұтынушылардың шағымы күннен күнге көбнейіп барады. Сұрауы бар судың сапасыз болғандығы қала тұрғындарын ашындырып отыр.
Арай мөлтек ауданының тұрғындарының айтуынша, 2 жыл бойына осы су ағып келеді. Ішер асымыз түгілі кір жууға мүмкіндік жоқ деген болатын.
Расында, Арайлықтарға дариямыздағы ағын суды жалғап берген іспеттес. Фильтрлі сорғыдан өткізілетін стансиялардың жұмыс жасамағандығы ма? Әлі күнге дейін халыққа ауызсудың тұтынушы үшін тиімсіз түрін ұсынған «Қызылорда су жүйесі» МК тексеріс жүргізбеуіне не себеп?
Алайда ауызсудың мәселесі тек Арайлықтар үшін ғана емес, сонымен қатар Астана және КБИ мөлтек аудандары мен Қаратал көше тұрғындарының басты мәселесіне айналып отыр. Сапасыз судан түрлі ауруларды, тіпті ішек құрт талшықтарын жұқтыру қаупі аса жоғары екендігі тағы бар. Адам денсаулығына судың қажеті жоғары десек, ақысын ай сайын лай суға төлеп отырған тұтынушының да шағымы орынды.
Қалай десек те, әрбір үйден лай су ағуынан хабары бар мекеменің жұртшылыққа ұсынып отырған ауызсуының сапасыздығы халық наразылығын тудырғаны хақ.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Су емес қара батпақ ағады! Арай мөлтек ауданы Талап көшесіндегі су жүйесін қалыпқа келтіріп, халыққа таза су беруді жөн көрмеген бе, әкімдік? Біз қашанға дейін отыруымыз керек?»,- деді Талап көшесінің тұрғыны Малика Айтбаева.
Расында, Арайлықтарға дариямыздағы ағын суды жалғап берген іспеттес. Фильтрлі сорғыдан өткізілетін стансиялардың жұмыс жасамағандығы ма? Әлі күнге дейін халыққа ауызсудың тұтынушы үшін тиімсіз түрін ұсынған «Қызылорда су жүйесі» МК тексеріс жүргізбеуіне не себеп?
Алайда ауызсудың мәселесі тек Арайлықтар үшін ғана емес, сонымен қатар Астана және КБИ мөлтек аудандары мен Қаратал көше тұрғындарының басты мәселесіне айналып отыр. Сапасыз судан түрлі ауруларды, тіпті ішек құрт талшықтарын жұқтыру қаупі аса жоғары екендігі тағы бар. Адам денсаулығына судың қажеті жоғары десек, ақысын ай сайын лай суға төлеп отырған тұтынушының да шағымы орынды.
Ал, қаламызды ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Қызылорда Су жүйесі» МК баспасөз хатшысы
«31 нен 1 сәуір аралығында су тазалау жұмыстары жүрген. Осы аралықта судың тоқтап қайта қатты қысыммен келуіне байланысты құбыр арасында қалып кеткен құм шығуы жайында хабарымыз бар. Шағым түскен бойда тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал, су берілу барысында 2 мәрте сүзгіден өткіземіз.»,- деді Әділ Тәжібаев.