Қызылордада бес адам ақшасынан айырылды

354
Оңтүстік Кореяға виза алуға көмектесемін деген алаяққа қызылордалықтар алданып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияңа алаяқтық фактісі бойынша қала 49 жастағы тұрғын арызданған. Бейтаныс әйел жәбірленушіден алаяқтық жолмен 1 миллион 500 мың теңге алғаны белгілі болды. Ол екі баласына Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұруға виза алуға көмектесемін деп уәде берген.

Кейін дәл осындай алаяқтық фактісі бойынша тағы төрт жәбірленуші полицияға арыз түсірген.

Белгісіз әйел сенімге кіріп, шетелге виза алу мәселесін шешіп бермек болған. Әр жәбірленушіден 700 мың теңге алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн 300 мың теңге болды.

Қызылорда полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Күдікті алған ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.