Тергеу изоляторына тыйым салынған заттар өткізілмек болған

1 521

Фото: Polisia.kzҚаңтар айында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №64 мекемеде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері анықталып, жолы кесілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі .

Атап айтқанда, сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде жүргізілген тексерулер кезінде қызметкерлер азық-түлік өнімдерінің ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Олардың қатарында көлемі 0,5 литр болатын екі бөтелке алкогольдік ішімдік (алдын ала мәлімет бойынша – коньяк пен спирт), сондай-ақ телефондар мен оларға арналған жинақтаушы бөлшектер бар.

Аталған заттар мекеменің режимдік корпустарында жазасын өтеп жатқан адамдарға арналған.

Барлық анықталған факті бойынша тиісті материалдар рәсімделіп, тыйым салынған заттар тәркіленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.