23 жастағы азаматты тасқын су ағызып кетті

1 620

Фото: видеодан кадрАбай облысы Үржар ауданында 23 жастағы азаматты тасқын су ағызып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Осылайша суға кеткендер саны төрт адамға жетті. Құтқарушылар Аягөз ауданында ағып кеткен үш адамды да бір аптадан бері іздеп жатыр. 


Суға кеткен малшы мен екі тракторшыны іздеуге иісшіл иттер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Ал Үржар ауданындағы тасыған өзенге ағып кеткен азаматтың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, ол денсаулығына байланысты медициналық есепте тұрған екен. Суға кеткен төрт адамды 80-ге жуық құтқарушы іздестіріп жатыр.


“Қазір бар күш-құрал Көкпекті ауданына жұмылдырылған. 200-ден астам жеке құрам, 28 техника сол жерде жұмыс істеп жатыр”, – деді Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.