17 жастағы жасөспірім қайықтан суға секіріп, мерт болды

2 283

Фото: Видеодан алынған кадрАлакөл көлінде 17 жастағы жасөспірім жағадан шамамен 500 метр жерде құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп, батып кетті. Қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

32 жастағы қайық иесіне абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиға Алакөлде болды.

Оған көмекке құтқару желетін киген басқа бір азамат жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт құтқарушыны да суға тартқан.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жігіт паромнан біраз жерге дейін жүзіп барып, аяқ-қолдары тартылып қалған. Әрі қарай жүзуге шамасы болмаған. 

Нәтижесінде жігіт су астынан шыға алмай, көптің көз алдында көз жұмды. Денесі су астына батып, көзден ғайып болған. 

Марқұмның денесін сүңгуірлер судан алып шықты.

"Суға түсуге арналмаған аумақта жағадан 500 метрдей қашықтықта 17 жастағы жасөспірім құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп кетіп, батып кетті", – деп түсіндірді Абай облысының полиция департаменті.

Қазір қажетті сараптамалар кешені тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.