Жолдағы бағдаршамдарға төртінші түс қосылмақ

542
Әлем елдерінің жолдарындағы бағдаршамдарға төртінші болып ақ түс қосылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


"Gismeteo" сайтының жазуынша бағдаршамдағы төртінші түс негізінен адам басқаруынсыз жүретін көліктерге және уақыт пен жанармай үнемдеуге негізделеді. Жоба авторы Әли Хаджбабаи бағдаршамдағы үш түс дәстүрлі қызметін атқара береді дейді. Тек соңғы қосылған белгі арнайы адам басқаруынсыз жүретін көліктердің қозғалысын реттеуге бағытталмақ. Әрі егер дәл сондай көліктер екі қиылыстан бірдей келіп қалған жағдайда қозғалтқыш күшіне байланысты кезекпен жүретінін айтады.

Әзірге бұл жоба жүзінде талқылануда. Нақты қашан қолданысқа енгізілетіні белгісіз.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.