СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысынан соң аудан әкімі Ардақ Ибраимовтің төрағалығымен мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілісте облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Жалағаш ауданындағы жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, суармалы жерлерді суару, құрылыс нысандарындағы негізгі мәселелерге байланысты салалар бойынша орынбасарлар мен мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Мәжіліс қорытындысымен кент және ауылдық округі әкімдеріне, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшыларына барлық деңгейде бөлінген бюджет қаржысын заңға сәйкес мақсатты, өз мерзімінде және сапалы игерілуін қамтамасыз етуді, Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларында қарастырылған шектеулердің қатаң сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген іс-шаралар жоспарында белгіленген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң тапсырды.