Кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

203

Павлодарда үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау барысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Polisia.kz сайтының мәліметінше, 20 сәуір сағат 18.15 шамасында Бакинская көшесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған баланың денесі табылған. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.