"ҚазАвтоЖол" экс-басқарма төрағасы ұсталды

1 572

Фото: qaj.kzҚМА баспасөз қызметі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.