Қазақстанда 1 млн-ға жуық адам зейнетақы аннуитетін ала алады

134
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте зейнетақы аннуитетін кімдер және қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл ретте ол мемлекет басшысының 12 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінесақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын еске салды.



Заңдағы жаңалық ерлі-зайыптылардың, не жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіріп, олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойы төлемдерін тағайындауға мүмкіндік беретін бірлескен некелік зейнетақы аннуитетін енгізу болды. Енді бұл опцияны миллионға жуық адам пайдалана алады, - деді Мария Хаджиева.


Ол күйеуінің 11 миллион теңгеден асатын, ал әйелінің 5 миллион теңгесі бар 55 жастағы ерлі-зайыптыны мысалға келтірді.


Ай сайынғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын төлейтін зейнетақы аннуитетінің ең төменгі құны күйеуі үшін 7,4 миллион теңге, ал әйелі үшін 9,2 миллион теңге болады. Тиісінше, әйелінің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға жеткіліксіз. Бірақ егер олар зейнетақы жинақтарын біріктіретін болса, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кестеге сәйкес өмір бойы төлемдерін ала алады, - деді Мария Хаджиева.


Осы орайда, ол азаматтардың жинақтау бастамаларын арттырып, әрбір ерлі-зайыптының зейнетке шыққанға дейін қосымша жинақ беретініне сенім білдірді.