Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі

1 506

Коллаж: © ҚазАқпарат«Отбасы Банкінің» Ақ-ның «Корпоративтілік» бағдарламасы бірлігінде жеңілдетілген несиелеу тізгінін ұстанып, кәсіпорынның тұрғын үй бағдарламаларының егесі жоқ, - деп хабарлайды Opennews.kz және Kazinform.kz сайтындағы 

«Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы генерациялаушы қуаттарды жаңғырту жобаларын іске асыру энергетика саласының кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуды талап етеді. Қазіргі уақытта генерация секторында бірқатар құрылымдық мәселе байқалады, оның ішінде қызметкерлердің орташа жасының жоғары болуы, білікті мамандар тапшылығы және заманауи цифрлық технологиялар мен автоматтандыру саласында құзыреттері бар жас мамандардың жеткіліксіз келуі бар.
Осыған байланысты кадрлық ресурстарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Негізгі бағыттардың бірі - кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін қайта даярлау және оқыту бағдарламаларын кеңейту жоспарлануда, оның ішінде заманауи басқару жүйелерімен жұмыс істеу, цифрлық технологиялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық стандарттар бойынша білім беру көзделген.

Энергетика саласының тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс күшейтіледі. Еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік пакетін дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамту үшін жұмыс берушілердің қатысуын көздейтін «Отбасы банк» АҚ-ның «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несиелеу тетіктерін пайдалана отырып, корпоративтік тұрғын үй бағдарламаларын енгізу жоспарланған. Аталған шарларды иске асырус жас мамандарды тартуға, қардтардың бiлiктiлiк денгейiн арттыруға және жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты кадрлық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.