2025 жылы Ресей Байқоңырдан сынақ зымырандарын ұшырады

1 377

Фото: pixabay.comКелесі жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресей тек азаматтық ұшырылымды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тиісті құжатты Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады.


«2025 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру Ресейдің мемлекеттік «Ресейдің ғарыштық қызметі» бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар аясында Байқоңырдан жүзеге асырылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан 2025 жылы Байқоңырдан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру және сынақ зымырандарын іске қосу жоспарланбағанын хабарлады», делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметі келесі жылға Байқоңырдан тоғыз азаматтық ұшырылым жоспарланғанын нақтылады. Оның алғашқысы 12 ақпанда өтуі мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.