Қазақстан әлемдік рейтингте жемқорлық белең алған елдердің қатарына қосылды

1 514

Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингінде ең нашар елдердің қатарына енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.


Қазақстан жемқорлықтан таза елдер рейтингінде 87 елдің ішінде тек 75-орынға тұрақтаған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек Қазақстан Гватемала мен Кения арасында тұр.


Ал Өзбекстанда Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз, ол 68-орында. Сонымен қатар Украина 48-орын, Әзірбайжан 62-орынға жайғасты. Ал Ресей рейтингте ең соңғы орында, оның алдында – Иран.


Жемқорлық өте аз елдердің алғашқы ондығына Швейцария, Канада, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия және Норвегия кіреді.

Зерттеу барысында 17,5 мың адамнан сауалнама алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.