Петропавлда зейнеткерді скутер қағып кетті
209

"Егемен Қазақстан мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғынын 16 жастағы студент тізгіндеген WorteX скутері қағып кеткен. Зейнеткер медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді", – деп хабарлады полицияда.
Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы "Жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша хаттама толтырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс орталығында жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, гироскутер және электроскутер иелері тарапынан 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген.