Қазақстанда бірден екі мұнай өңдеу зауытының жұмыстары кейінге қалдырылды
Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін шегерілді. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр.
Компания басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуі 2022 жылдан 2023 жылға шегерілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мырзағалиев ҚТЖ қажеттілігін өтеу үшін қыркүйек-қазан айларында 100 мың тоннаға дейін дизель отынының импорты жүргізілетінін атап өтті. Дизель отынының босаған көлемі (импорт) жанармай құю бекетттеріндегі ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін бағытталатын болады.
Айта кетсек, Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты жылына 14,2 млн тоннадан 17,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.
Бұған дейін энергетика министрлігі биыл қыркүйек айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлаған еді.