Қазақстанда бірден екі мұнай өңдеу зауытының жұмыстары кейінге қалдырылды

206

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Атырау мұнай өңдеу зауыты мен  Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін шегерілді. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: pixabay.com

Оның айтуынша, жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр.

"Атырау мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына ауыстыру туралы шешім қабыладнды. Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеу жұмыстары 15 қыркүйектен басталуға тиіс болатын. Енді кейінге қалдырып отырмыз", - деді Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Компания басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуі 2022 жылдан 2023 жылға шегерілгенін атап өтті.


Сонымен қатар, Мырзағалиев ҚТЖ қажеттілігін өтеу үшін қыркүйек-қазан айларында 100 мың тоннаға дейін дизель отынының импорты жүргізілетінін атап өтті. Дизель отынының босаған көлемі (импорт) жанармай құю бекетттеріндегі ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін бағытталатын болады.

"Егер жанар-жағармай материалдары ішкі нарығын тұрақтандыру бойынша жүйелі іс-қимылдар туралы айтатын болсақ, біз мынадай шараларды қабылдау қажет деп санаймыз. Ел өңірлерінде кемінде 14 күндік тұтыну резервтерін қалыптастыруды қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, "Caspi Bitum" МӨЗ қуатын жылына 1 миллион тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін арттыру, яғни битум өндірісін 50%- ға ұлғайтылады", - деп хабарлады Мағзұм Мырзағалиев. 


Айта кетсек,  Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты жылына 14,2 млн тоннадан 17,2 млн тоннаға дейін ұлғайтылды.


Бұған дейін энергетика министрлігі биыл қыркүйек айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлаған еді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.