БЕС БІРДЕЙ ҮЙІ БАР КЕЛІНШЕК ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

415
Соңғы кезде Түркиядан пәтер сатып алып жатқан қазақстандықтардың саны арта түсті. Солардың бірі бес бірдей пәтері бар шымкенттік тұрғын Ғазиза Байтемірова.

Ғазиза Байтемірова елордада агротехникалық университетті қызыл дипломмен тәмәмдап, сонда ұстаздық қызмет еткен. 

Алайда уақыт өте келе жеке бизнеске ауысқан. Себебі, пәтер жалдап тұратын жұбайлардың табысы күнделікті тіршіліктен артылмаған.

Ғазиза балаларын асырау үшін, бір жылдары тіпті түнде такси жүргізушісі болғанын да жасырмайды.

"Табысқа жету үшін, әр саланы бір көру маңызды емес. Менімен бірге жұмыс істейтін қыздар қиындықтар туып жатса, "посудомойщица" болып кетеді, тағы біреулер қосымша жұмыс іздеп кетеді. Мен олай істеген жоқпын, мен тек бір ғана нәрсемен айналыстым. Тек бастапқы жылдары такси жүргізушісі болып ақша тапқаным бар. Оны да тек түнде істедім, себебі күндіз жұмыс істеуге мүмкіндік болмады.