Елбасы денсаулық жағдайына байланысты биліктен бас тартқанын айтты
444
Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық жағдайына байланысты биліктен бас тартқанын айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Штрихи к портрету” бағдарламасына сілтеме жасап.
“Мен ешқашан айтпаған шындықты айтқым келеді. Мен омыртқама ота жасаттым. Өте ауыр ота болды. 8 наурыз концертте отырған едік. Концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрсам, аяғымды мүлдем қозғалта алмаймын. Бірнәрсе қысып қалған сияқты. Мен күзет офицерін шақырып, қолын таяқ сияқты ұстап алып, бір зал толған адам байқамасын деп шығып кеттім. Одан кейін тексерілген кезде омыртқамда ақау барын білдім және ота жасаттым. Қазір емделдім, барлығы жақсы”, – дейді Елбасы.
Айтуынша, денсаулық жағдайы мемлекет басшысы болудан бас тартуға әсер еткен. Ол денсаулық жағдайым арлы-берлі жүруге мүмкіндік бермеді дейді.
"Бұл қысым. Барлығы президенттің өмірін ұшақпен ұшып жүреді, баспалдақпен түсіп, өзіне жағылған жарық жолмен жүреді деп түсінеді. Бұл президент өмірінің кішкене бөлігі ғана. Президенттің негізгі өмірі өте қиын. Ол барлығын ақыл-оймен, сарапқа салып шешуі керек. Шаршау, ұйқысыз түндер, cаяхат, келіссөздер және сіз ұсынған бағдарламаларды бақылау оңай емес", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл психикаға үлкен салмақ түсіретінін айтты.