Әскери қызметкерлер қойшыны атымен қосып атып өлтірді
298
Талдықорған қаласының шетіндегі әскери бөлім маңында мал қарауға шықққан 24 жастағы Ерназар Қырықбаев 5 қаңтарда оққа ұшты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq сайтына сілтеме жасап.
Оны іздеп барған жұмысшыларға да әскерилер оқ атып, қолын көтеруге мәжбүрлеген. Олар "Тоқта!" деген бұйрыққа бағынбаған салт аттыны атып, жедел жәрдемге салып жібергенін айтқан. Үй-ішіне марқұмның сүйегін бір аптадан соң ғана берген. Талдықорғанда бірнеше адамның қазасына себеп осыған ұқсас тағы бірнеше оқиғаны тексеріп жатқан әскери прокуратура "әскери қызметкерлердің ісінде қылмыстық сипат бар" деген тұжырым жасаған.
Оқиғаның мән-жайын Ерназар Қырықбаев жұмыс істеген "Жетісу" асыл тұқымды мал шаруашылығының иесі Сүндетбай Есжановтан сұрастырдық. Оның айтуынша, Ерқанат осы шаруашылық жерінде, жылқы қарауға шыққанда оққа ұшқан.
– Талдықорған қаласының шетіндегі әуежайдың қарсы бетіне орналасқан әскери бөлімнің айналасындағы 300 гектар бос жатқан жер менің меншігім, растайтын құжатым бар. Бес гектарын қоршап, шаруашылық базасын, жұмысшылар тұратын екі үй салдым. Бұл жерде шаруашылық барын, жұмысшылар әрі-бері өтіп жүретінін әскери бөлімдегілер өте жақсы біледі, – дейді ол.
Шаруашылық иесінің сөзінше, Ерназардан жарты сағат бұрын ол жерден басқа жұмысшылар да өткен. Бірақ оларға тиіспеген. Түскі сағат екілер шамасында өткен Ерназарды атымен қоса атқан.
– Ерназар келмеген соң басқа жұмысшылар мәшинемен іздеп шыққан. Солдаттар оларды да қарудан аспанға атып тоқтатып, екі жұмысшыны қолын көтертіп шақырып алыпты. Өздері әскери бөлім қоршауының ішінде тұрған. Екі жұмысшы 120 метрден астам жердің қарын кешіп, қолын көтеріп барған. Қалталарын тексеріп, жібере салған. Олар кетіп бара жатқанда солдаттар "тоқта деп бұйырғанда тоқтамаған салт атты адамды атып, жедел жәрдем шақырып салып жібердік" деген. Атпен кетіп бара жатқан адам, тоқта деген дауысты 120 метр жерден естімеуі де мүмкін. Естімесе ата бере ме? – дейді Сүндетбай Есжанов.
Ол солдаттардың жөнімен кетіп бара жатқан адамды қараңғы түнде емес, тал түсте ата салғанына қайран қалады.
Шаруашылық басшысының сөзінше, "Жетісу" мал шаруашылығында бұрын да жұмыс істеп кеткен Ерназар Қырықбаев үш ай бұрын қайта келген. Оны жұмысқа қабылдау туралы ресми бұйрық бар.
Ерназардың анасы Назгүл Әділбекова әскери бөлім маңына дүрбелең күндері Талдықорған маңындағы ауылдардан аттылы адамдар келіп, солдаттар бәлкім солардан қорқып атқан шығар деп те жорамалдайды.
Азаттық Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық ішкі істер департаменті мен әскери прокуратурадан Ерназар Қырықбаевтың қазасы жөнінде ешқандай ақпарат ала алмады.