Грант сатып пара алған колледж директоры ұсталды

2 056

Фото: instagram.com/dussenbek.abdraimovЖамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Дүйсенбек Әбдірайымов пара алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

Колледж директорының нақты қанша сомада пара алғаны белгісіз. Алайда Дүйсенбек Әбдірайымовтың грант орындарын салып, ақша алғаны мәлім болды.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің басшысы Дүйсенбек Әбдірайымов 63 жаста. Ол 6 жыл бойы облыстық білім басқармасын басқарды. Жамбыл политехникалық колледжінің басшылығына екі рет тағайындалды. 1998-2004 жыл аралығында  Әбдрайымовтар әулеті екі жатақхана ғимаратын жекешелендірді. Осылайша колледж директорының екі қызы колледж ашты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.