"Артында үш қарындасы қалды": 22 жастағы Әліби Кеңес Жамбылдағы жарылыстан мерт болды
556
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы жарылыстан көз жұмған тағы үш адамның мәйітін тапты. Олардың қатарында 22 жастағы Әліби Кеңес те бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлібидің табылмай жатқаны туралы туыстары дабыл қаққанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Марқұмның немере әпкелері аурухана мен мәйітхананы түгел аралап шықса, әкесі мен достары және туыстары жарылыс болған аймақты, ауыл айналасын түгелдей шолып шыққан.
Алайда, олардың Әліби аман қалды деген ойлары орындалған жоқ. Бүгін апат болған аймақтан тағы үш адамның денесі табылып, оның бірі 1999 жылы туған Әліби Кеңес екені анықталды.
"Әліби әскерден жаңа ғана келген. Он екіде бір гүлі ашылған жоқ. Ешкімнің басына бермесін, біреудің жалғыз баласы. Өрімдей баланы отқа апарды да салып жіберді. Арыстан кейін екі жыл өткен соң тағы болып отыр. Не күтеміз біз?", - деп Әлібидің немере әпкелері Сейсекүл мен Райхан Әзімбаевалар көзіне жас алған болатын.
Ал марқұмның анасы ұлы жоғалғаннан бастап төсек тартып қалды. Дәрігерлер мен туыстары оның қан қысымы жиі көтеріліп жатқанын жеткізген болатын.
Әліби үйдегі жалғыз ұл. Оның артында ата-анасы мен үш қарындасы қалды. Байзақ ауылында дүниеге келген Әліби әскерден оралған бетте Жамбыл облыстық №4 өрт-сөндіруші бөліміне құтқарушы-өрт сөндіруші болып орналасқан.