Педофил деп айыпталған экс-депутат өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1 351

Фото: istockphoto.comЖетісу облысында жеті жасар баланы зорлады деп айыпталған Серікқан Жақұпов өмір бойы бас бостандығынан айырылу мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Экс-депутат пен Ақсу аудандық әкімінің аппаратының бұрынғы басшысы өткен жылдың жазында ұсталды. Сол кезде туысқаны жеті жасар ұлын зорлады деп, осы шенеунікке арыз жазған. Сараптама қорытындысы айыпты растады.

Бүгін Жетісу облыстық сотында жарыссөздер өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ерлен Жантасов Жақұповқа өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкім жақын күндері шығарылады деп күтілуде.

Айта кету керек, экс-әкімнің жұбайы оның кінәсіздігіне сенеді.

Серікқан Жақұпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу аудандық әкімінің аппаратының басшысы болған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөніндегі уәкіл болып қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.