Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" 500 миллион теңге аударды
340
"Қазақстан халқына" қорына бүгін екі компания 25 миллиард теңге аударса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоры 500 миллион теңге берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" қорына 500 миллион теңге аударды.
Қазақстанның Тұңғыш президенті — Елбасы тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорына 500 миллион теңге аударды,— делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры — дарынды жастарды қолдау, ерекше қажеттілігі бар балаларға сауықтыру жобаларын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қолдау, қайырымдылық көмек көрсетуге арналған коммерциялық емес ұйым.
"Қазақмыс" пен KAZ Minerals компанияларының басшылары да аталған қорға 25 миллиард теңге аударды.
2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген "Қазақмыс" пен KAZ Minerals компаниялары әлеуметтік мәселелерді шешуде Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын,— делінген хабарламада.