Әкімдік жетім баланың үйі мен жерін басқа біреуге заңсыз өткізіп жіберген
ШҚО-ның Шемонаиха ауданында балалар үйінің түлегіне тиесілі баспананы әкімдік басқа адамға беріп жібергені анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Прокурорлар бұл мәселені әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтады.
Белгілі болғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласындағы тұрғын үйі мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.
Аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті.
Қаз
Рус






