Әкімдік жетім баланың үйі мен жерін басқа біреуге заңсыз өткізіп жіберген

1 372

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comШҚО-ның Шемонаиха ауданында балалар үйінің түлегіне тиесілі баспананы әкімдік басқа адамға беріп жібергені анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокурорлар бұл мәселені әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

Белгілі болғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласындағы тұрғын үйі мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.

Аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті.

«2024 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен арызданушылардың талап-арызы қанағаттандырылып, дауласқан нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттар жарамсыз деп танылды. Қабылданған шаралар әділдікті қалпына келтіруге және балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді», - делінген прокуратура хабарламасында.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.