Елордадағы LRT құрылысын аяқтау үшін қаржы қайдан алынады?

221

Фото: NUR.KZҚаржы вице-министрі Татьяна Савельева астанадағы LRT-ның құрылысына қаржы қайдан алынатынын айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Бүгін мәжілісте журналистер вице-министрден құрылысқа қажетті 577 миллион долларды қайдан алуға болатынын сұрады. Ондай қаражат үш жылдық бюджетте де қарастырылмаған.
Савельеваның айтуынша, қажетті құжаттар дайын болғанда қаржы мәселесі де қарастырылады.

"Құжат бойынша қажетті шаралар аяқталғанда ақшаны да қарастырады. Оны үкімет резервінен алмайтын шығармыз. Бюджеттік бағдарлама аясында қаржыны қайта үлестіру жұмысы атқарылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті трансферлерді кіргізеді. Осы жұмыс келесі жылы бюджетті нақтылау кезінде жасалады", - деді вице-министр мәжіліс кулуарында.


Осы орайда Савельева LRT жобасы бойынша барлық құжат қажетті процедурадан өткенін жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.