Қазақстандықтар коммуналдық төлемдерді жаңа жолмен алатын болды
Қазақстандықтар коммуналдық төлемдерді жаңа жолмен алатын болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін Индустрия және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова мәлімдеді.
Басты мақсат – бұл жүйені тек қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету.
Бірыңғай түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн беріледі, ал оны төлеу бірнеше батырманы басу арқылы жүзеге асады. Қажет болған жағдайда қағаз түріндегі нұсқасы да қолжетімді.Өңірлік әкімдіктер бұл іске белсенді кірісіп, бүгінде бірнеше елді мекен тұрғындары цифрлық түбіртектерді ала алады.







