"Бастарын унитазға тыққан": ҰҚК қызметкері тұтқындарды азаптады деп айыпталды
Астанада құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деп айыпталған он үш тұтқынды азаптау фактілері бойынша басты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрт бұрынғы қызметкері күдіктілерді азаптады деп айыпталуда. Әскери прокурор ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері күдіктілердің денсаулығына қасақана зиян келтірген деп мәлімдеді.
Төрт сотталушы қылмыстық кодекстің 146-бабы "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас", басқаша айтқанда, азаптау бойынша сотталып жатыр.
Бұл іс бойынша Шығыс Қазақстанда 13 жәбірленуші отыр. Азаптауға ұшыраған тұтқындар "ФИК" Алел” зауытының қарамағындағы "Суздаль" кенішінде құрамында алтын бар шикізатты ұрлады деп күдікке ілінген. Бұл – алтын өндіретін компанияның еншілес кәсіпорны.
"Алтын ОПГ" ісіне күдіктілер екі жыл бойы Астана қаласының тергеу изоляторында болған. Жәбірленушілер тарапының айтуынша, олардан айғақтар заңсыз жолмен алынған.
Прокурор тұтқындарға қандай зорлық жасалғанын айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері кінәсін мойындады.