Терроризмді насихаттаған 5 жасөспірім сотталды

1 342

Фото: pixabay.comБиыл Қазақстанда терроризмді насихаттаған 5 жасөспірім сотталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекет тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шара қабылданып жатыр. Дегенмен 2023 жылы 42 адам деструктивті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Биыл 68 адам сотталды. Оның бесеуі – жасөспірім, - деді Майгүл Айнабекова.

Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер не үшін сотталғанын айтып берді.

Мен 16 жастамын. Қылмыстық кодекстің 256-бабы («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша сотталдым. Бас шабатын, адам өлтіретін видео тараттым, - деді жазасын өтеуші.

ҰҚК жедел қызметкері видеоның мазмұны террористік сипатта болғанын жеткізді.

«Видеодан ДАИШ халықаралық террористік ұйымы содырлары арнайы қызметтің адамдарын ұстап, аса қатыгездікпен өлтіргенін көруге болады. Оларды кәпір санаған. Осындай бейнероликті жүктеп отырды. Сонымен қатар араб ұлтына тән киімдерді киіп, түрлі бейнеролик түсіріп, араб музыкасын қойып, жазба қалдырып, адамдарды жиһадқа шақырған. Сондай-ақ өзінің жиһадқа шығуға ойы барын айтып, (материалдарды) әлеуметтік желіге жүктеген», - деді мамандар.