«WhatsАpp» желісі арқылы терроризмді насихаттаған күдікті сотталды

1 420

istockphoto.com«WhatsApp» арқылы терроризмді дәріптеген тұлғаға қатысты қылмыстық іс Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол 2024 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласында ұялы телефонын пайдалана отырып «WhatsАpp» желісінде халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын аудио және текстік хабарламаларды, аудио жазбаларын салып, қасақана терроризмді насихаттаған. 

Сот үкімімен ол ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.