Алматы әуежайында ПТР анықтамасын сатып алған туристер ұсталды

219
Әуежайда жалған ПТР анықтамасын қолданған жекеменшік алматылық фирманың сегіз қызметкері ұсталды.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанованың айтуынша, оқиға 30 шілдеде болған. Ұсталған сегіз адам Алматыдағы жекеменшік фирманың қызметкері, оларға ерекше қызметі үшін сыйлық ретінде Дубайға жолдама берілген. Жауап алу кезінде құқық бұзушылар ПТР анықтамасын интернет арқылы сатып алғанын жеткізді. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық Кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 160 АЕК (466 720 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.