Ресей азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот ашып жатыр

196
Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот аштырып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсініктеме берді.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Олардың арасында 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы есебінен және 1 215 шот қашықтан ашылған.

Қазір ҚР банктерінде шоты бар азаматтардың саны – 162 мыңға, ал Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.

Бұған қоса, агенттік Ресей азаматтары ашқан жаңа шоттардың саны өскенін айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.