Қызылордада көлік жүргізушісі полиция инспекторын сотқа берді
493
Қызылорда облысының полиция департаментінің инспекторы көлік жүргізушіге 352 280 теңге шығын өтемек, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының полиция Департаментінің инспекторы ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігімен қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. Онымен келіспеген талап қоюшы сотқа хаттаманы заңсыз деп танып, күшін жою туралы шағым келтіреді. Ол бойынша сот шағымды қанағаттандыру туралы шешім шығарады, сонымен қатар жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылып, жауаптылықтан босатылған. Сот актілері заңды күшінде.
Осыған орай, талап қоюшы өзіне қатысты негізсіз қозғалған әкімшілік іс өндірісі барысында конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында қорғаушыға жүгініп, оның құқықтық қызмет көрсеткені үшін адвокатқа 200 000 теңге және автотұрақ қызметіне төлеген 152 280 теңге төлегенін негіздеп, жауапкерлерден өзінің пайдасына барлығы 352 280 теңге мүліктік зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Істі қараған бірінші саты соты барлық дәлелдемелерді зерттеп, талапты толық қанағаттандырып, талап қоюшы пайдасына барлығы 352 280 теңге келтірілген мүліктік зиян өндіру туралы шешім шығарады.
Шешімге келтірілген апелляциялық шағым негізінде істі қараған азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты сотының шешімін күшінде қалдырды.
Себебі, ӘҚБтК-нің 865-бабының 1-бөлігінің 4,5-тармақтарында осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғаларға келтiрiлген мүлiктiк зиян заң көмегi көрсетілгені үшiн тұлға төлеген сомалардың, әкiмшiлiк жауаптылыққа заңсыз тарту салдарынан келтiрiлген өзге шығыстардың өтелуiн қамтитындығы көрсетілген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі