Жүргізуші куәлігін 1,2 млн теңгеге сатып алмақ болған әйел сан соғып қалды

288
Өскеменде әйел бейтаныс адамға жүргізуші куәлігін алуға 1,2 млн теңгеден астам қаражат берген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ақпаратқа сай, Өскемендегі Ертіс ПБ-ның кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде жасауға уәде берген бейтаныс адамның көмегіне жүгінген. Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін "құжат" сомасы шамамен 1 млн 240 мың теңге болған.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Ол - Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізген, ол жауап алу кезінде бұл әрекетін мойындаған, - делінген. 

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті кінәсін мойындаса, оған екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы беріледі, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.