Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыс шарты өзгеруі мүмкін

1 500

Фото: pexels.comПрезидент "Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметіне сәйкес, қаулыға азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, табыс пен жұмыспен қамтудың жаңа көздерін құру, цифрлық нарықтарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, экономикалық қызметте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, сондай-ақ халықтық цифрлық экономикаға көшу мақсатында қол қойылды.

Қазақстан үкіметіне қандай тапсырмалар берілді:

1) азаматтардың табыс алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық жұмыспен қамтуды дамытуға, жасанды интеллектіні практикада қолдануға, отандық өндірушілердің өткізу нарығына қолжетімділігін қамтамасыз етуге және экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға бағытталған Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралардың кешенді жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекіту;

2) Кешенді жоспарды әзірлеу және іске асыру кезінде Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Кай-Фу Лидің кәсіби қызметте, оның ішінде цифрлық платформалар арқылы ақы төленетін тапсырыстарды орындау кезінде жасанды интеллектіні қолданудың практикалық дағдыларын дамыту жөніндегі ұсынымдарын пайдалану;

3) отандық өнім өндірісін кеңейту және оны өткізу мақсатында кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шараларын жекеше электрондық сауда алаңдарының, банктердің, логистикалық компаниялардың және цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен біріктіруді қамтамасыз ету;

ӨЗІНӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН

4) жұмыс істеп тұрған электрондық сауда алаңдары мен сауда желілері арқылы ауылдағы өндірушілердің өнімін қабылдау, дайындау, олардың логистикасы, өткізу тетіктерін қолданыстағы сауда-логистика инфрақұрылымы мен қаржы құралдарын пайдалана отырып әзірлеуді және ендіруді қамтамасыз ету;

5) практикалық тәжірибенің орындалған тапсырыстар туралы мәліметтер негізінде расталуын көздеп, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қысқа мерзімді ақы төленетін тапсырыстарды кейіннен азаматтардың орындауы үшін жұмыс істеп тұрған цифрлық платформаларда тұрақты түрде орналастыруын қамтамасыз ету;

6) азаматтардың цифрлық платформаларды пайдалана отырып, ақы төленетін қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын азаматтық-құқықтық, еңбек, салықтық және әлеуметтік қатынастарды қамтитын цифрлық жұмыспен қамтудың оңайлатылған құқықтық режимін қалыптастыруды, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мүмкіндігін пысықтауды 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қамтамасыз ету;

7) Кешенді жоспарда көзделген цифрлық дамудың пилоттық жобаларының нәтижелілік көрсеткіштерін белгілей отырып, оларды 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосуды қамтамасыз ету, жобаларды іске асыру нәтижелеріне бағалау жүргізіп, табысты практикаларды кеңінен қолдану жөніндегі шараларды 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін айқындау.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.