Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим іске қосылды

2 534

10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады. Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін визаны алдын ала ресімдемей-ақ саяхаттау басталды. 6 ай ішінде қазақстандықтар Қытайда барлығы 90 күн жүре алады. Алайда ол күндерді толық емес, бөліп-бөліп өтеді. Яғни бір барғанда толық 90 күн емес, ең көп дегенде 30 күн жүреді. 


Енді Қазақстанның Қытаймен шекарасын кесіп өту үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болуы керек, сондай-ақ билетті сақтап қойған жөн.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.