Мемлекет басшысы Ашхабадқа келді
449
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентінің шақыруымен Ашхабадқа жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентінің шақыруымен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының 6-шы саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.
Кездесу барысында дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 30 жылдың ішінде Қазақстан мен Түрікменстанның байланысы бауырластық әрі стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені айтылды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-түрікмен қарым-қатынастарына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Сонымен қатар Халық мәслихаты төрағасы ретінде елінің дамуына, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек ете беретініне сенім білдірді.
Ашхабадта ұйымдастырылып жатқан Алтыншы Каспий саммитіне қатысуға келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, түрікмен жеріндегі дәстүрлі қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді. Бұл – Сердар Бердімұхамедов Президент болып сайланғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай Мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ашхабадта өтетін Алтыншы Каспий саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді. Қазақстан Президенті саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді.
Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, осы саммитке қатысты ойын айтты. Түрікменстан Президенті бәрімізге ортақ Каспийдің игілігі үшін бүгін келелі басқосу болатынын жеткізді.