«Ауылға 85 мың теңге жалақы жетеді» Құрылтай депутаты

2 517

Фото: әлеуметтік желіденRespublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат Мейрамханов ауыл тұрғындары үшін айына 85 мың теңге күнкөріске жеткілікті деген пікір білдірді,  - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, қала мен ауыл тұрғындарының күнделікті шығыны бірдей емес. Ол ауылдық жерде тұратындардың жеке шаруашылығы болғандықтан, азық-түлікке жұмсалатын қаражатты азайтуға мүмкіндік бар деп есептейді.

«85 мың теңге ауылдағы адамға жетеді. Ал қаладағыларға жетпейді. Ауылдағылар еңбекқор ғой. Ауылдағылар мал ұстайды, тамақ бар, сүті өзінікі, көкөнісі өзінікі. Еңбек еткен адамға ауылда 85 мың жетеді. Қазір ауылға барсақ, майды да, нанды да сатып алып жеп отыр», – деді Мейрамханов. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.