Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентін құттықтады

2 571

Фото: АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны және барша португал халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Отаныңыз әрі қарай қарыштап өркендеуіне, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта елдеріміздің игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаға зор денсаулық, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас португал халқына құт-береке тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.